"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кім жылдам?

10.06.2020

Қашықтықтан оқыту лагерь алаңында бірінші күн сәтті өтті.Балалар таңғы жаттығу жасағаннан кейін қозғалмалы ойындар ойнады.Онда олар «Тышқан мен мысық» ойынын ойнап фотоға түсіріп жіберді.Келесі «Біз бишіміз» атты тапсырмада әр топтың оқушылары би биледі .Кейбір балалар «Қара жорға», «Қамажай » және шет елдердің биін көрсетті. «Нұр-сұлтандағы бір күнім» деген тақырыпта балалар өз фотосуреттерімен бөлісті.Үшінші тапсырма жаңылтпаш айту сайысы болды. Жаңылтпашты жылдам әрі дұрыс айтқан балалар озып шықты.Олар өз ойларын жеткізе білді. Осы күндерде өткізген сайыстардың жетістіктері үшін біз өте қуаныштымыз. Бүгінгі күніміз де сәтті аяқталды деп айтуға болады.

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст