«Барап негізгі мектебі» КММ
Бюджет қаражатын іске асыру туралы есеп
Мектепте 56 оқушы білім алуда, 14 мұғалім жұмыс істейді. Жоғары білімді – 11, арнаулы орта білімді – 3. Педагог-зерттеуші – 2, педагог-сарапшы – 4, педагог-модератор – 3, ІІ санатты – 1.
2014 жылы мектебімізге жаңа модификациямен жабдықталған биология кабинеті берілді. 2017 жылы қазақ тілі және математика кабинеттері проектормен жабдықталды. 2018 жылы 2 бастауыш сынып кабинетіне проекторлар берілді. Информатика кабинетіне 2009 жылы 2+1 компьютерлар, 2020 жылы 412 000 теңгеге 2 компьютер берілді,2 планшет -9600тенгеге.
Мектебімізде спорт зал, шеберхана, қыз балаларға арналған көркем еңбек кабинеті, медициналақ кабинет бар. 2020 жылы спорт залға 229 465 теңгеге спорттық құрал-жабдықтар берілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ішкі және сыртқы 10 видеокамерамен және 2020 жылы 333 149 теңгеге ішкі 8 камерамен жабдықталды. Өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
16 оқушы аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан. Оларға аудандық білім бөлімінің Жаппай білім беру қорының есебінен 88 377 теңгеге кеңсе тауарлары мен 212 396 теңгеге мектеп формасы, қысқы киім-167360тенгеге берілді.
2020 жылы мектептің жөндеу жұмыстарына 126 294теңгеге құрылыс материалдары берілді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 324 867 теңгеге дезинфекциялық құрал-жабдықтар берілді.