"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп жетістіктері

25.12.2023

«Ақмола облысы білім басқармасы Ақкөл ауданы білім бөлімі бойынша Барап ауылының негізгі орта мектебі» КММ

 

Оқу  жылында атқарылған жұмыстар

Мектебімізде 18 педагог жұмыс атқарады. Оның ішінде 15 педагог жоғары, 3 педагог арнайы орта білімдері бар. Сонымен қатар 2 педагог-зерттеуші, 4 педагог-сарапшы және 6  педагог-модератор еңбек етуде.Биыл оқу жылында мектебіміз 2 жас маманмен толықты. Осы 2 жас маманның бірі, біздің мектебіміздің түлегі.

Оқу  жылының басында мектеп контингенті 55 оқушы, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары 19, 5-9 сынып оқушылары 36. Мектепте ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар жоқ.

Мектеп бойынша оқушылардың үлгерімі 100%, білім сапасы 60%.

Оқу озаты – 7, оқу екпіндісі –24. Үлгермейтін оқушы жоқ,

Мектебімізде «Жаңа технологияларды негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру» тақырыбы негізінде іс-шаралар атқарылды.

Білім ордамыздың білімалушылары мен ұстаздары аз уақыт ішінде аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 

Оқушылар жетістіктері.

Дарынды дегеніміз-адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау    қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиетті айтамыз. Осы қасиетті дарыта білу біздің қолымызда. Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.  Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік, аймақтық, аудандық, облыстық пән олимпиадасы мен түрлі байқау конкурстарға қатысып, мектептің абыройын асқақтатқан оқушыларымыз:

Осыған орай, жоғарыда аталған мектепішілік, аудандық, облыстық, халықаралық олимпиада, байқау, конкурстарға қатысқан оқушылар жүлделі орындармен оралып, қуанта білді.

/public/files/2023/12/25/251223_121003_barap-auylyny-negzg-orta-mekteb-bzd-ghetstkter.pdf

Просмотров: 2800


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст