1993 жылы 12 қарашада Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізу туралы Жарлық шығып, 15 қарашадан бастап ұлттық валюта ел тәуелсіздігінің экономикалық негізіне айналды.
Міне, 30 жыл осы күн – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні болып аталып өтуде. Осы мерекеге орай мектептің Аға тәлімгері Дәулет Бауыржан "15 қараша теңге күні" атты тақырыпта оқушылармен танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Міндеттері:ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.