"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі

27.10.2023

Бүгін мектебінің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Сайлау кезінде мектеп президентіне үміткерлер, 8-9 сынып оқушылары: Акимов Алишер , Ыбырай Мөлдір өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырды. Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады : өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Мектеп президентінің сайлауы 2023 жылдың 22- қазанында белгіленген ережелерге сәйкес ашық және жасырын дауыс беру негізінде өтті. Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын жинаған 9 сынып оқушысы Ыбырай Мөлдір 2023 – 2024 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды.
Мектеп директоры Альжанова Т.Б жаңа президент Мөлдірді қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Мөлдір оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді. Барлық қатысушы оқушылар мен мұғалімдер мектеп президентін құрметпен қарсы алды.
Құттықтаймыз!!!

Просмотров: 3089


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст