"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мектеп және отбасы»

10.12.2018

Оқушыларға алдымен рухани адамгершілік тәрбие беру –біздің басты мақсатымыз. Осы ретте өзім сабақ берген бастауыш сыныптарымда халық педагогика мен имандылық тәрбие негізінде тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлемін.

«Бала-еліміздің болашағы» десек, оларға рухани тәрбие беріп, оны өмірмен сабақтастырудың маңызы зор. Бала алғашқы тәрбиені отбасынан алатыны белгілі. Баланың өмірге бейімделуі өскен ортасына байланысты. Мектепте біз, үйде ата-ана баланы қалай тәрбиелеп жатырмыз? Тарихымызды, дінімізді, тілімізді қалай үйретеміз? деп ойлау керек. Сондықтан да, ата-анамен ынтымақ бірлікте бола отырып, тәрбиені бірігіп жүргізуге тырысамын. Сыныбымдағы ата-аналардың көбі орта жастағы адамдар. Біздер көптеген жұмыстарды бірігіп отырып өткіземіз. Салт-дәстүрді, тәрбиелік мәні бар жұмыстарды бірге отырып істейді. Ата-аналармен бірлесіп мектеп ішілік «Қыз сыны» , «Салтын сүйген, халқын да сүйеді» атты ашық тәрбие сағатын өткізгім келіп жүр. Басқа да уақыттарда да арнайы кездесулер пікірталас өткізіп тұрамын. Радио, телидидар, газет-журналдар арқылы беріліп жатқан тәрбиелік мәні зор материалдарды оқушылардың қабілетіне қарай пайдаланып отырамыз. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баули арқылы, олардың сөз қорын тілін, сөйлеу қабілеттерін арттыра түсуге көмектесу. Үйге берілген шығармашылық жұмыстарды балалар ата-аналармен бірге ақылдаса отырып істейді. Ата-аналар қоғамдық жұмысқа да белсене қатысады. Олармен, бірлесе отыра мен олардың тұрмысын, өмірі туралы көптеген мәліметтерді аламын. Оқуға келгенде ата-аналар өздерінің қиыншылықтарын айтады, біз осы қиыншылықтарды бірге отырып шешеміз. Мысалы мен мектептен келген баланы, келісімен сабаққа отырғызбай, оның көңіл көтергені ойнағанын тілеймін, жарты күн бала ойнаса, содан кейін әр сабақты 15-10 минуттан оқыса, содан кейін тағы секіріп, жүгіріп ойнасын баланы беттен қақпауға, дұрысын айтуға үйретемін.

Қай ата-ана болса да баласының жақсы оқығаның, тәрбиелі болғанын арман етеді. Балаңыз, оның оқуға деген ынтысасын онан әрі дамытуға көмектесіңіз, бірақ та, «жақсы оқысаң саған ананы, мынаны алып береміз, анда, мұнда жібереміз» деп, баланың оқуға деген ынтасын саудаға салмаңыздар деп ата-аналарға айтып отырамын. Егерде баласы нашар оқыса оған ұрсуға, сөгуге болмайды, ал оңды нәтиже бермейді екендігін естен шығармауға тырысу керек. сондықтан әрбір ата-ана баланы ерте бастан, сәби жасынан жақсы істерге баулып өсіруге керек. мен сыныптағы балалардың жақсы болуын, тәрбиелі, ынталы, бір ананың баласындай болғанды тілеймін. Өз пікірлерін жеткізе білуге, олардың армандарын алға қойған мақсаттарын сынып сағаттарында айтып дәлелдейміз. Әр бала өзінің ойын жеткізе білуге тырысады. Сыныпта оқушылар өз достарының қылықтарын ортаға салып өздерінің ақылдарын бір-біріне айтады. Сондықтан ата-аналар ұстазбен және балалармен тығыз байланыста болу керек. қазіргі кезде теледидардан көптеген тәрбиелік мәні бар хабарлар болып жатады. Соны қарап, баламен бірге талдау керек.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст