20.02.2026
Мақсаты:
Ананың балаға деген шексіз махаббатының қадірін түсіндіру;
Анаға деген құрмет пен ризашылық сезімін ояту;
Балалардың жүрегіндегі мейірімділік пен адамгершілікті арттыру.
Құндылықтар: Сүйіспеншілік, отбасы, құрмет
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
(Жай әуен қойылады)
Мұғалім:
Балалар, бүгін біз ең қымбат, ең жақын жан туралы әңгімелесеміз.
Ол – бізге өмір сыйлаған, біз ауырғанда жанымыздан табылатын, біз қуанғанда бірге қуана алатын жан.
Ол – Ана.
Көздеріңді жұмып, анаңның жүзін елестетіп көріңдер.
Оның мейірімді көзін, жылы құшағын, ананың иісін сезініңдер.
II. Кіріспе әңгіме «Ана махаббаты – мәңгілік»
Ана махаббаты – шексіз.
Ана ешқашан баласынан ештеңе күтпейді.
Ол тек баласының амандығын, бақытын тілейді.
Кейде ана шаршайды, кейде жылайды,
бірақ баласының жүрегі ауырмасын деп көз жасын көрсетпейді.
III. Рефлексия-ойын «Менің анам қандай?»
Оқушыларға жүрекше қағаз таратылады.
Тапсырма: «Менің анам…» деп бастап, бір сөзбен сипаттау.
IV. Маңызды түсіндіру сәті (барлық балаларға арналған)
Мұғалім:
Балалар, біз «ана» дегенде тек бір адамды ғана ойламауымыз керек.
Өмірде баланы жүрегімен өсіретін жандар бар.
Кейде ананың орнын әже басады.
Ана болу – тек дүниеге әкелу емес,
ана болу – жүрекпен тәрбиелеу.
Сондықтан бүгінгі хаттар –
аналардан және ананың орнын басқан ең қымбат жандардан келген хаттар.
V. Бейнефильм көрсету
«Ананың иісі»
Фильмнен кейін қысқаша ой бөлісу.
VI. Негізгі бөлім – «Анадан хат»
Мұғалім:
Балалар, қазір сендерге ерекше сыйлық беріледі.
Бұл – сендерді өсірген, сендер үшін уайымдаған жанның жүрек сөзі.
Бұл хаттарды жүректеріңмен оқыңдар.
(Балалар хатты оқиды)
VII. Қорытынды рефлексия
Сұрақтар:
Хатты оқығанда не сезіндің?
Анаңа немесе сені тәрбиелеген жанға қандай сөз айтқың келеді?
Қорытынды:
Ана жүрегі – ең қауіпсіз мекен.
Ана барда өмірде жылу бар.
Барлығы бірге:
«Анашым, мен сізді жақсы көремін!»