"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Лудомания (құмар ойындарға тәуелділік)

10.02.2026

Тақырыпты таныстыру: «Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – Лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), ол қазіргі таңда адамзат баласының басына түскен қиындықтардың бірі болып отыр».

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – "Лудомания – ғасыр дерті". Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Әсіресе жастар арасында құмар ойындарға деген қызығушылық артып келе жатқанын байқаймыз. Бірақ, бұл ойындардың артында үлкен қауіптер бар екенін ұмытпауымыз керек. Лудомания дегеніміз – құмар ойындарға тәуелділік. Бұл ауру адамның психологиясына ғана емес, оның өміріне де үлкен теріс әсер етеді.Құмар ойындарға тәуелділік адамды ең алдымен отбасынан, достарынан және қоғамнан алшақтатады. Ойынға берілген адамның ақыл-ойы бұзылып, өмірлік мақсаттары мен құндылықтары өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, құмар ойындардың адамның денсаулығына, әсіресе психологиялық жағдайына, үлкен зиянын тигізетіні анық.Енді біз осы тақырыпты ұлттық құндылықтармен байланыстыра қарастырайық. Қазақ халқының дәстүрінде отбасы, еңбек, адамгершілік, қонақжайлық секілді құндылықтар жоғары бағаланады. Бұл құндылықтар адамды рухани жағынан байытады, оған өмірде нақты мақсат қоюға, жауапкершілікті сезінуге және қоғамға пайдалы болуға бағыттайды. Бірақ, құмар ойындарға тәуелді болған адам бұл құндылықтарды жоғалтып, өзінің өмірін ойнап қана өткізеді.

 Лудомания деген не?

Түсіндіру: Лудомания – бұл адамды құмар ойындарға тәуелділікке әкелетін психикалық күй. Құмар ойындарға тәуелділік тек ақша жоғалту ғана емес, сонымен бірге адамның психикалық, эмоциялық жағдайына, отбасына, әлеуметтік ортасына, денсаулығына да зиян келтіреді.

Ойынның түрлері: Казинода ойнау, онлайн ойындар, лотерея және басқалар.

Зиянды әсері: Психологиялық күйзеліс, әлеуметтік өмірдің бұзылуы, қаржылық қиындықтар.

3. Құмар ойындардың әсері туралы бейнемазмұн (10 минут)

Оқушыларға құмар ойындар мен лудоманияның зардаптары туралы бейнемазмұн көрсету.

Видеода нақты жағдайлар мен адамдардың құмар ойындарға қалай тәуелді болғаны көрсетіледі.

Просмотров: 104


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст