20.01.2026
Учaскелік полиция қызметкері мектебімізге ұжыммен келіп, интернет алаяқтықтың түрлері мен алдын алу жолдары туралы түсіндірме-анықтама жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер, белгісіз сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді (банк картасының нөмірі, құпия сөздер, SMS-кодтар) бөгде адамдарға бермеу қажеттігі туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған хабарламалар, жеңіл табыс уәде ететін жарнамалар, онлайн сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушыларға күмәнді жағдайларда ата-аналарға, мұғалімдерге немесе құқық қорғау органдарына жедел хабарласу керектігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және алаяқтықтың алдын алу.