15.11.2024
10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуметін ынталандыру .
Байқауға Барап ауылының негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушысы Дәулет Бектөре «Құлпынайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы және отбасылық күнкөрістің көзі» атты тақырыбында жобасын қорғап, жүлделі І орын иегері атанып, дипломымен марапатталып, алтын медальға ие болды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Адилова Марал Жаксыбаевна. Құттықтаймыз!!